Әлем
1 мин оқу 242
Пәкістанда су тасқынынан 10 адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Пәкістанның Белуджистан провинциясында толассыз нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан кемінде 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Dawn газетінің хабарлауынша, жексенбіге қараған түні елдің Хуздар, Зоб және Аваран қалаларында толассыз нөсер жаңбыр жауған.
Табиғат апаты салдарынан 10 адам көз жұмған.
Оның 8-і бір отбасының мүшелері екені белгілі болды. Қаза тапқандардың арасында екі бала мен үш әйел бар.
Бөлісу:
