Президент Қатар Әмірімен телефон арқылы сөйлесті
<p style="text-align: justify;">Мемлекеттер басшылары бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Қатар халықтарына бақ-береке тіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қатар Әмірінің былтыр қазан айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Тараптар екі ел арасындағы өзара сауда-саттық қарқынын сақтауға және қаржы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті екенін растады.
