Аймақтар
1 мин оқу 1,541

Түркістанда 11 жастағы қыз жоғалып кетті

<p style="text-align: justify;">Түркістан полициясы жоғалған жасөспірімді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полиция ұсынған дерек бойынша, Інжу 2012 жылы туған, бойы 130-135 см, шашы ұзын қара-қоңыр түсті. Үстінде жейде, қара джинсы шалбар, аяғында қара түсті спорттық аяқ киім болған.

«Іздеу жарияланған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 8-725-33-97-40-94, 8-747-497-42-24, 8-701-480-78-88 нөмірлері арқылы немесе 102 арнасына хабарласуды сұраймыз», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Түркістанда 11 жастағы қыз жоғалып кетті · Egemen Qazaqstan