Қазақстан
1 мин оқу 500

Бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін

<p style="text-align: justify;">Елімізде бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасы &laquo;Ашық НҚА&raquo; сайтында пайда болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Энергетика министрлігінің жобасында былай делінген:

Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық жанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай мөлшерде белгіленсін:

АИ-80 бензині – тоннасына 93 161 теңге;
АИ-92 және АИ-93 бензині – тоннасына 193 649 теңге;
дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге.

Жоба 24 наурызда жарияланды, 30 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Бөлісу: