Ұстаз
1 мин оқу 432

Оқуға құштар ұлт

<p style="text-align: justify;">Қостанай қаласындағы №7 мектепте қазақ тілі мен әде&shy;биеті пәнінен са&shy;бақ беріп жүрген жа&shy;ңа&shy;шыл мұ&shy;ғалімдердің рес&shy;пуб&shy;ликалық семинары өтті. Ұстаздардың оқу-әдіс&shy;те&shy;мелік шеберлігін ұштау мақ&shy;сатында ұйымдас&shy;ты&shy;рылған жиынға онлайн ре&shy;жімде Павлодар, Көкшетау, Қа&shy;рағанды қалаларының жас мұғалімдері қатысты.</p>

Оқуға құштар ұлт

Жиын барысында пән мұға­лімдері көпшілікке «Оқуға құш­тар мектеп» жобасы бойынша жа­саған әдістемелерін таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ал шеберлігі толысқан білікті ұс­таздар жас мамандарға арнап пано­рамалық сабақ көрсетті.

Семинар Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шараға ұла­сып, мектеп ауласында бой кө­терген этноауылда ұлттық ойын­дар, театр­ландырылған кө­рі­ніс­тер қойылды. Мұндағы ақ шаң­қан киіз үйдің жанында өне­рпаз оқушылар мен ұс­­таздар ән-күйден шашу шашып, мереке қонақтары ұлттық та­ғам­дардан ауыз тиді. Жаңа күн­нің жаршысы – Қыдыр ата көп­ш­лікті құттықтап, ақ батасын берді.

– Мерекелік шара барысында семинарға қатысқан ұстаздар мен жас мамандарға алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етілді. Оқушылар арасындағы білім сайыстары да мазмұнды өтті. Шә­кірттер өздері таңдаған ақын-жазушының шығармашылығы жөнінде әңгіме айтудан жарыс­ты. Сондай-ақ Ыбырай, Абай, Ах­мет аталарымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша сайысқа түсті. Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары да көрініс тауып жатты. Мысалы, маған оқушылар сах­налаған қазақтың балаға ат қою рәсімі ұнады, – дейді қа­лалық білім бөлімінің маманы Жанар Жұмағұлова.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Оқуға құштар ұлт · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар