ҰСТАЗ
ҰСТАЗ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Ұстаздық – жүрек қалауы

Адам өмірінде мұғалім көп кездеседі. Бірі әріп танытады, бірі есеп шығаруды үйретеді, енді бірі емтиханнан сүрінбей өтудің жолын көрсетеді. Ара-тұра тағдыр ұстазды да жолықтырады. Ондай адамдар пәнді ғана емес, өмірдің өзін оқытады. Мен үшін Бақытнұр ТӘЛІПҰЛЫ ­сондай адам.

Шәкірт қадірлеген ұстаз

Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ол шәкірттің дүниетанымын қалыптастырып, оның өмірлік бағытын айқындауға ықпал ететін тұлға. Қоғамның рухани, зияткерлік дамуы ең алдымен осындай ұстаздардың парасаты мен табанды еңбегіне байланысты. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі жолында аянбай қызмет етіп жүрген педагогтерге құрмет көрсету – азаматтық парыз.

Ұстаздық ғұмыр белесі

«Білім – бақыттың кілті, мұғалім білім дариясының мұрабы» деген нақылдың мәні ешқашан маңызын жоғалтқан емес. Қай кезеңде де ел ертеңі білімді ұрпаққа байланысты болса, сол ұрпақты тәрбиелейтін тұлға – ұстаз. Мұғалім еңбегі қашанда құрметке лайық. Биыл Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Біржан ауылындағы Амангелді орта мектебінің ардагер ұстазы, математика пәнінің мұғалімі София Ағзамқызы мерейлі жасқа толып отыр. Ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған педагогтің өмір жолы тұтас бір дәуірдің шежіресі
іспетті.

Жаңашыл ұстаздың «Сыр сандығы»

Цифрлық база ауыл мектептерінде әлі де әлсіз. Бірақ Нұра ауданының Ахмет ауылындағы білім ошағы бұл кедергіге қарап отырған жоқ. Өйткені информатика пәнінің мұғалімі, жаңашыл педагог Анна Колтунова алақандай ауыл мектебінде заманауи білім берудің нәтижелі үлгісін көрсетті.

Мәшекең мұрасын қадірлеген мұғалім

Мектепте ер мұғалімнің аздығы ұрпақ тәрбиесіне өз әсерін тигізіп отыр. Ақиқатында бір мезгіл ер мұғалімнің қатқыл қабағын, жуан дауысын естіген оқушының ерік-жігері ширақ болады. Өкінішке қарай, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынүлының ізінен еріп, ұлы мұратын жалғайтын ер мұғалім аз. Сол аздың ішінде жас ұстаз, жалынды педагог Жанкелді Кенжебайдың есімі елге етене танылып қалды. Еңбекқорлығымен, педагогтік білімімен, ұлтты сүйгіштігімен елдің аузында жүр.

Ұстаздық – асыл қасиет

«Табиғат математика тілімен сөйлейді» депті ғұламалар. Бұл саланың ауыр да жауапты екенін он адамның тоғызы сеніммен айта алады. Дегенмен оның сол табиғаттың өзі секілді тылсым жағы бізді қызықтырады. Ал енді математика ғылымына ұлт құндылықтары арқылы барған адам көп пе? Ойланып қаламыз. Сондай азаматтың бірі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымы, профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты Асқар Байарыстан.

«Адал азамат» бағдарламасы: Кәсіби дайындықтан қанша педагог өтті?

Президенттің тапсырмасына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы биылғы оқу жылы басталғалы мемлекеттік мектептермен қоса 700-ден астам жекеменшік мектепке, яғни барлық білім беру ұйымдарына енгізіліп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Сазды мектебінің үздік ұстазы

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Ақтөбе облысында пайда­ла­нуға берілген жеті білім ошағының бірі – Сазды орта мектебі. Жаңа салын­ған білім ордасының 646 оқушысы бұл күндері заманауи жабдықталған био­ло­гия, география, информатика, физика, химия, STEM, роботтехника каби­нет­терінде оқып жатыр.

Ұстаздың өшпес шамшырағы

Шежірелі Отырар өңірі десе, әрісі адамзат ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби, берісі Өзбекәлі Жәнібек, Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Шаханов, Өмірзақ Айтбайұлы, Әселхан Қалыбекова сияқты әр саланың майталманы еске түседі. Сол топырақта туған біз үшін осы тұлғалар – зор мақтаныш.

Ұшқыр ойлы мұғалім

Кеген ауылындағы Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназияның дарынды ұстазы Нұрбек Досымханов «Жылдың үздік мұғалімі – 2025» облыстық байқауында әріптестерінен оқ бойы озып, бас жүлде – автокөліктің кілтін иеленді. Бұл мектеп ұжымы үшін зор жетістік, үлкен қуанышқа айналды.