«Адал азамат» бағдарламасы: Кәсіби дайындықтан қанша педагог өтті?
<p style="text-align: justify;"><strong>Президенттің тапсырмасына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы биылғы оқу жылы басталғалы мемлекеттік мектептермен қоса 700-ден астам жекеменшік мектепке, яғни барлық білім беру ұйымдарына енгізіліп отыр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Аталған жоба жас буынға жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре отырып, білімді, еңбекқор, бәсекеге қабілетті, адал азамат қалыптастыруға бағытталғаны мәлім.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, отандық білім беру ұйымдарында тәрбиенің біртұтас экожүйесін қалыптастыру мақсатында министрліктің ұйымдастыруымен педагогтер үшін семинар-тренигтер ұйымдастырылып жатыр. «Адал азамат» бастамасы бойынша 23 мыңнан астам педагог кәсіби дайындықтан өтті. Бұл іс-шара мектептерді әдістемелік қолдау, жобаның мәнін түсіндіру және өңірлерде тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, педагогтер практикалық кейс-сессиялар мен тренингтер арқылы нақты іс-қимыл алгоритмдерін жасап, жұмыс жоспарларын әзірледі. Бұл тәжірибе ұстаздардың теориямен ғана шектелмей, нақты қадамдар арқылы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруды меңгеруіне бағытталды.