Ауа райы
1 мин оқу 562

28-30 наурызға арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Казгиромет 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлай&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

28-30 наурызға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының батыс бөлігі төмен қысымның әсерінде болады, сонымен байланысты тұрақсыз ауа райы болжанады. Сондай-ақ фронтальды бөлімдердің өтуімен 29 наурызда солтүстікте, күндіз орталықта, 29-30 наурызда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 наурызда күндіз қатты қар, жаяу бұрқасын, 29-30 наурызда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағаймен жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады деп болжануда.

30 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 аяз-5 жылыға дейін төмендейді деп күтіледі.

Бөлісу:
28-30 наурызға арналған ауа райы болжамы · Egemen Qazaqstan