Аймақтар
1 мин оқу 431

Таразда жасырылған қару-жарақ табылды

<p style="text-align: justify;">Таразда вокзал аумағынан қару-жарақ жасырылған орын табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жедел-іздестіру жұмыстары кезінде темір жол желісі маңынан полиэтилен пакетке оралған 12 калибрлі ИЖ-18ЕМ бір ұңғылы шолақ мылтық, «Полиция» деген жазуы бар қорғаныс кеудешесі тәркіленді.

ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Бөлісу:
Таразда жасырылған қару-жарақ табылды · Egemen Qazaqstan