Жарнама
 
Жәдігер
2 мин оқу 530

«Ұлы дала әміршілері» Қостанайда

<p style="text-align: justify;">Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында &laquo;Ұлы дала әміршілері&raquo; атты ерекше көрме ашылды. Музейдің бас ғимаратындағы үлкен залдан орын алған жүзге жуық көзайым жәдігердің бәрі ел астанасындағы Ұлттық музейден әкелінген.</p>

«Ұлы дала әміршілері» Қостанайда

Мыңжылдықтарға ұласып жатқан дала тарихының ерте кезеңдерінен сыр шертетін ба­ға жетпес көне жәдігерлердің ішінде үш бірдей «Алтын адам» бар. Оның ішіндегі ең әйгілісі – өткен ғасыр­дағы алпысыншы жылдардың аяғында атақты археолог-ғалым Кемал Ақышев жетекшілік еткен қаз­ба жұмыс­тары кезінде Есік қор­ғанынан табылған «Ал­тын адам».

адл

Біздің дәуірге дейінгі ІV-ІІІ ғасыр­лардан жеткен сақ көсемінің әскери киімі барыс, бұлан, таутеке, арқар, сәй­гүлік кейпіндегі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. Құнды жәдігер Ұлы дала тари­хының алтын өңдеу технологиясы мен зергерлік өнер дамыған көне кезеңдерден сыр шертіп тұрғандай.

Көрмеге қойылған екінші «Алтын адам» – 1999 жылы бел­гілі ғалым Зейнолла Са­ма­­шев жетекшілік еткен ар­хео­­­логиялық зерттеу жұ­мыс­­тары­ның нәтижесінде Атырау өңіріндегі Аралтөбе оба­сынан табылған Сармат кө­семі.

Тарихи-танымдық мәні зор экспо­зицияның үшінші бөлімі «Тақсай қазы­налары» деп аталады.агн

«2012 жылы ғалым Мұрат Сыды­қов бастаған археоло­гиялық қазба жұ­мыстары ке­зінде «Тақсай» кешенінде жүр­­гізілген қазба жұмыстары ба­рысын­да ежелгі сармат ке­­­зеңіне жататын ақ­сү­йек әйелдің жерленген ор­ны та­был­ған. Қабірде әйел адам­ның алтын әшекей бұ­йым­­дары, ерекше шошақ тө­­белі алтындаған баскиім қал­дығы, соғыс көрінісі бейнеленген тарақ, өзге де заттар болған екен. Табылған алтын бұйымдардың салмағы 3 кг-ға жуық. Жалпы, Қазақстан аумағында бүгінге дейін сегіз алтын киімді адамның жерленген орны анықталып отыр», – дейді облыстық тарихи-өл­кетану музейінің директоры Батырхан Жұмабаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ұлы дала әміршіл­ері» көрмесі 21 сәуірге дейін жұ­мыс істейді.

Қостанай облысы 

Бөлісу:
«Ұлы дала әміршілері» Қостанайда · Egemen Qazaqstan