Мектеп
1 мин оқу 480

Ауыл мектептеріне – 28 автобус

<p style="text-align: justify;">Ұлыстың ұлы күні қарсаңында келген автобустарды өңірдегі аудандық білім бөлімдерінің басшылары қабылдап алды. Маңдайында &laquo;Балалар!&raquo; деген жазуы бар су жаңа сары автобустар шалғай ауылдарда тұратын оқушыларды мектепке таситын болады.</p>

Ауыл мектептеріне – 28 автобус

Жаңа автобустардың бәрі жылдамдық шектегішпен, қа­уіпсіздік белдіктерімен және кон­­диционермен жабдық­тал­ған. Тіпті ерекше балалар­ға ар­­налған пандустар мен жүр­гізу­шіні шақыратын түйме­леріне дейін бар.

Облыстық білім басқарма­сының мәліметінше, өңір мек­тептеріне күн сайын 2,5 мыңнан астам оқушы арнайы бөлінген ав­тобустармен қатынайды. Білім мекемелерінің автопаркі де жыл сайын жаңартылып, толық­тырылып отырады. Мәсе­лен, соңғы екі жыл ішінде об­лыстық бюджет есебінен 322 млн теңгеден астам қаржыға 9 автобус және 12 шағын автобус сатып алынған.

Автобустарды тапсыру рә­сімінде Мемлекет басшы­сының қала мен ауыл арасындағы ал­шақ­тықты қысқарту жөніндегі тапсырмасының орындалу ба­рысы да сөз болды. Білім бас­қармасы өкілдерінің айтуын­ша, 2025 жылға дейін өңір­де 407 ауылдық мектепті жаңғырту жоспарланған. Оның 81-і биыл жүзеге асырылады. Сондай-ақ соңғы екі жыл ішінде 12,9 млрд теңгеге 193 білім ны­саны жөндеуден өткен. Би­ыл 138 мектепке жөндеу жүр­гізілмек. Оған 3 млрд теңге қарастырылып отыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясын­да да бітетін шаруа көп. Мәсе­лен, 2025 жылға дейін қалалық және ауылдық мекендерде 7500 орындық 9 мек­теп салынбақ.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Ауыл мектептеріне – 28 автобус · Egemen Qazaqstan