Мәселе
3 мин оқу 410

Мәшһүр қонысы абаттануға тиіс

<p style="text-align: justify;">Алмағайып заманның ыңғайына қарай Мәшһүр Жүсіптің зираты үш рет бұзылып, үшіншісінде 2006 жылы Ескелді жотасына үлкен кесене тұрғызылғаны жұртқа аян. Алайда сол маңаттағы ата қонысы &ndash; Сарыбұлақты үйінің маңын жаңғырту, көріктендіру ескерілмеді. 2000 жылы Мәшһүр Жүсіптің шөберелері Абай Шарапиев пен Жастілек Көпеев төбесі құлап, іргесі ғана қалған орынға шатырлы үй салумен ғана шектелді.</p>

Мәшһүр қонысы абаттануға тиіс

Қасиетті ата қонысты Лев Толс­той­дың «Яс­­ная полянасындай» қыл­масақ та, адам­дар іздеп келетін кө­рікті мекенге­ айналдырсақ деген­ ой Мәшһүр ұрпақтарына маза­ бермейтін. Оның үстіне бұл Мәш­һүр ата аруағына тағзым ете келу­шілердің де арман-тілегі еді. Мәш­һүр­ атаның ізі қалған, шипа­лы бұ­ла­ғы ағып жатқан қасиетті қоныс­ты­ жаңғырту, жаңалау, қалпына кел­ті­ру­дің сәті 2021 жылдың 19 ма­мырында ата­ шөбересі Абай Ша­ра­пиев құрған «Мәш­һүр­ Жүсіп» қо­ғам­дық қоры арқылы бас­тау алды. 2020 жылдың 6 маусымында қор­ төр­ағасы Абай Шарапиев екеуміз ата­­ қонысын көріктендірудің сызба­сын­ сы­зып, жобасын жасадық. Есепшотта бір тиын­ жоқ. Ойымыз – 1 гектар аумақты қор­шау, сол жерге­ ағаш отырғызу, бұлақ кө­зін­ ашу, Баянауылдан Самарқанға, Еділ­ бо­йы­на дейін мінген арбасын қал­пы­на келтіру.

Құдайдың құдіреті, дәл осы­лай­­ бас­­талған жұмысымызға қол­дау біл­ді­­ру­шілер көбейе берді. А.Шара­пиев­пен қызметтес бол­ған Берік Са­­ғын­дықов қор­шау­­ жабдықтарын та­­уып­ берді. Кере­­кулік Дәулет есім­ді кәсіп­кер­­ тамыз-желтоқсан ара­лы­ғын­­да ау­мақ­ты қоршап шық­ты.­ Кесенеге тәу ету­­ге келген­ Б.Нұр­жа­нов атындағы ГРЭС-1 стан­­са­сының жігіттері бұлақ пен­ үй­­дің­ аралығына 20 түп қайың, 20 түп­­­ терек отырғызды. Сондай-ақ Қара­­­ған­ды, Көкшетау, Астана, Екі­б­ас­­тұз қала­­ларынан келген жандар­ да­ жиыны­ 40-тан аса шие, шырша,­ қарағаш секіл­ді­ ағаш­тар­дың ­көшетін сыйлады. Қор­ша­ла­тын аумақ­тағы ой-шұңқырды тегіс­теу жұ­­мыс­тарын Екібастұз қаласын кө­гал­­дан­дыру­мен айналысатын «Фло­ра» серік­тес­­тігінің басшысы­ Алексей Горбунов өз мой­нына алды.

Республикаға белгілі өнер­тап­қыш,­ аста­налық ғалым Нұрмағабет Нұр­­пейісов бұлақ көзіне сарап­тама­­ жа­сады. Бұлақ көзі былған­­бас үшін­­ Б.Нұржанов атын­дағы ГРЭС-1­­­ стан­­са­сының қаржы ди­рек­торы Нұр­лан Жаркенов бастаған аза­мат­­­тар­ бұлақтың үстін күркелеп жа­уып­ бер­ді. Осылайша, бұлақ төбесі, ай­на­­ла­сы жабылып, оның суын құ­­быр арқы­лы сыртқа шығарып, с­у­­ тұндырғыш шы­ғыр құдық жа­сап,­ бөрене ағашпен ше­ген­­­де­дік. Шығыр­ құдықты ағаш­ ше­­бе­рі Қанат Әбле­шев­ қона жа­тып­­ реттеп­ бер­ді. Бұлақ айна­ла­­­сын қажетті материа­л­­дармен көм­­­керуге, қосымша құдық қа­зу­­­­­ға,­ бұлақ пен үй арасына де­­ма­­­­­­ла­­­тын самалжай жасауға Талғат Ма­­сы­ғұтов демеушілік көрсетті. Өт­­кен жылдың қыркүйек айын­да экс­ка­­ватордың кө­мегімен бұлақ бо­йының 60 метр жері белуар­дан қазылып, ені де кеңіді. Мақ­са­ты­мыз – суы жерге сіңіп, қорысқа айналып жатқан бұлақ ішін, жылғасын тас­пен көмкеру.

Жазушы Дихан Әбілев пен Мәшһүрдің не­мересі Төлеу­бай Шарапиевтің си­паттауы бо­йын­ша, Мәшүр ата мін­ген трашпенке арба­ның нобай­ суретін салып, ауылдық жер­ден­ дайын арба доңғалақтарын іздестірдік. Шұға ауылының азаматы­ Қауаш Шілтібаев 4 доңғалақ әкеліп берді. Екі­бас­тұз­дық­ ұста Темеш Тайжа­ма­лов бір­ ай мерзімде трашпенкені құрас­тырды.

Жаз бойы еліміздің түкпір-түк­пірінен, Ресейдің Түмен, Ново­сібір өлкелерінен келушілер саны толастамады. Осы орайда Екі­бастұз қаласының №36, 18, 22 және «Зерде» мектептерінің оқу­шылары мен мұғалімдері, «Қай­нар» мәдени орталығының бала­ла­ры, Павлодар қаласындағы мек­тептердің оқушылары ағаш отыр­ғызуға, суаруға қолғабыс жаса­ға­нын айта кеткен жөн. Қаржылай кө­мек көрсеткендер де көп болды.­ Екібастұз қаласындағы №36 мектеп­тің­ директоры Гүлнәр Кеңесқызы, №22 гимназияның ұстазы Гүл­бар­шын­ Арқалыққызы бастаған жандар­ ата қоныста Мәшһүр оқу­ла­рын өткізді. Жаз бойы ата өсиетін, хик­метін тыңдауға, білуге, тағзым ету­ге мыңнан аса адам келді. Мәш­һүр­ шөбересі А.Шарапиев келу­­шілерге отбасымен қызмет көр­сетті. Былтыр бұл қонысына елі­міз­дің белгілі тұлғалары да тәу ете кел­генін атап өтейік.

Мәшһүр Жүсіп қонысын көрік­тендіру, жаңғырту, ашық музей жа­сау, мұрасын насихаттау, рухани­ орта­лық құру жұмысы жалғаса бере­ді. Ата тұрған үйді музей етіп жа­сап, қоныс үйді жеке салсақ деген де­ ойымыз бар.

Жұмағали ҚОҒАБАЙ,

«Мәшһүр Жүсіп» қоғамдық қорының құрылтайшысы

 

Павлодар облысы 

Бөлісу:
Мәшһүр қонысы абаттануға тиіс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар