МӘСЕЛЕ
МӘСЕЛЕ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.
Табиғат тартқан тақсырет

Құрылыс жұмыстары қарқын алған елорданың маңы қиыршық тас өндіретін карьерлерге айналды. Зияны ­шашетектен. Кеше ғана жөнделген жол ауыр салмақты автокөліктердің табанында жаншылып, қираса, карьер маңындағы елді мекендер шаңға бөккен. Күні кеше түкті кілемдей жайнап тұрған жайылымдар, тамаша табиғаттың көрінісі көрер көзге жүдеп, сүреңсіз күйге енген.

Ертіс суы азайып барады

Жаздың аптап ыстығы басталмай жатып еліміздегі ең ұзын су артериясы – Ертістің деңгейі күрт төмендеп кеткені байқалып отыр. Өзен жағалаған жұрт арна одан әрі тарылып, аймақта экологиялық апат туындай ма деп алаңдайды.

Ауызсудың азабы

Етек-жеңі кең пішілген Краснояр ауылы аумақтық жағынан да, әкімшілік тұрғыдан да облыс орталығының құрамына кіреді. Ұзақ жылдан бері ауызсудың азабын тартып келе жатқан елді мекенде 15 мыңға жуық адам тұрады.

Қауіпсіздік пен тазалық үйлессе...

Қонаев қаласында маусымның ал­ғашқы күнінен бастап шо­мылу маусымы ресми т­үрде ашылды. Биыл жаға­жайларда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жаңа демалыс орындары мен 9D кинотеатр іске қосылды.

Жасыл желекке жанашырлық қажет

Солтүстік Қазақстан облысында 554 мың гектар орман алқабы бар. Алайда жыл сайын оның көлемі азайып келеді. Өңірдегі 12 орман шаруашылығы оталған жасыл желекті қалпына келтіру бағы­тында тұрақты түрде екпе жұмысын жүргізіп отыр. Ал жекеменшікке берілген аймақтарда ағаш кесу фактілері жиі кездескенімен, орманды қалпына келтіру жұмысы тиісті деңгейде қадағаланбайды.

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы 440 шақырымнан астам электр желісі мен екі жүзден астам трансформаторлық қондырғының тозу деңгейі бүгінде 90%-ға жеткен. Стандартқа сәйкес 220 Вольт кернеу берілуі керек болса, мұндағы тоқ қуаты 150 Вольттан аспай, қалт-құлт етіп тұр.

Ұрпақ қауіпсіздігі – басты назарда

Қостанай облысында бала­лардың жазғы демалысы мен сауықтыру шарала­рына 457 млн теңге бөлініп отыр. Биылғы жаз 102 мыңнан ас­там бала тұмса табиғат аясына орналасқан 12 лагерьде, одан қалды мектеп жанынан ашылған 617 орталықта демалады.

Жезқазғандағы су мәселесі: Сағызша созылған «Үйтас-Айдос» жобасы

Жезқазған қаласы тұрғындарын, қала маңындағы елді мекендерді жерасты көздерінен келетін таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған стратегиялық жоба – «Үйтас-Айдос» су құбырының құрылысы ұзаққа созылып, күлбілтелі нысанға айналғаны баршаны алаңдатып отыр.

Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?

Кейінгі жылдары елімізде кеңес заманында халқымыздың бойына батпандап кірген әлеуметтік дерт – маскүнемдікке қарсы күреске ерекше мән беріліп отыр. Осы мәселеге қатысты заңнаманы ұдайы жетілдіру, саламатты өмір салтын орнықтыру іс-шараларын іске асыру дені сау ұлт қалыптастыруды көздейді.

Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру

Еліміздің солтүстік және батыс өңірінде қазақтың тарихи-мәдени мұра нысандары көп. Олардың бірнешеуі тізімге алынғаны болмаса, бұрын ғылыми тұрғыдан зерттелмеген. Қазір табиғи және антропогендік әсердің себебінен бұл ескерткіштер тозып, жойылып барады. Оларды шұғыл қорғауға алып, архео­логиялық және этнографиялық зерттеу жұмысын жүргізбесек, кеш болады.