Қоғам
1 мин оқу 180

Бесінші рет үздік атанды

<p style="text-align: justify;">Жаратылыстану-математикалық ба&shy;ғыт&shy;тағы пәндер бойынша респуб&shy;ли&shy;калық олимпиадада Назарбаев зият&shy;керлік мектептері қатарынан бесінші рет еліміздің ең үздік олим&shy;пиадалық командасы деп танылды.</p>

Бесінші рет үздік атанды

Жас математиктер, информатиктер, физиктер, химиктер және географтар жеке және командалық есепте жеткен жетістіктерімен NIS-тің жоғары стандарт­тарын қайта растады. Зияткерлік мек­тептердің медальдар қор­жыны 60-тан астам түрлі дәрежедегі наградамен то­лықты. Олардың үштен бірі – алтын. NIS өкілдерінің барлығы дерлік құрмет тұғы­рынан көрінді.

Еліміздің үздік физигі атағын Алма­тыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушысы Ерсұлтан Пітебай алды. Жа­қында ғана оны көпшілік бе­дел­ді жоғары оқу орындарының әлемдік рей­тин­гінде көш бастап тұрған Массачусетс тех­нологиялық институтына шақырту алып, грантын иеленуімен құттықтаған болатын.

Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2023 жылғы түлектердің жұлдызды команда­сының мү­шесі Альмира Нұрланова да Мас­сачусетс технологиялық институтының гран­тын ие­ленді.

Өткен жылы география пәнінен халық­аралық IGeO олимпиадасының жеңісті марафонын жалғастырған Санжар Хамитов Ақтөбе қаласындағы NIS-ті кезекті алтын ме­далімен қуантты.

Бірінші орын иеленген Зияткерлік мектептер өкілдерінің қатарында семей­лік Мұхам­мадириф Сахмолдин, NIS халық­аралық бакалавриаттан Аида Давл­етова, елордадағы физика-математика бағы­тындағы NIS оқушысы Санжар Бисенәлі бар. Олар халықаралық беделді олимпиадаларда ел абыройын асқақ­татып келеді.

Ең көп медалді Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп мен Павлодардағы NIS оқушылары еншілеген.

Зияткерлік мектептердің республикалық олимпиададағы жаңа жарқын жеңісі NIS-тің академиялық жетістіктерінің жалғасына айналды.

Бөлісу:
Бесінші рет үздік атанды · Egemen Qazaqstan