Қоғам
1 мин оқу 430

Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі

<p style="text-align: justify;">Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев сот отырысына&nbsp;келуден бас тартты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 3 сәуірге таңғы сағат 10:00-ге шегерілгені хабарланды.

«Сотталушының сот отырысына келмеуіне байланысты сотталушының дәлелді себептерін растайтын мәліметтер жоқ. Соған байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 157 және 335-баптарына сәйкес сот Күдебаевты көрсетілген уақытқа мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды», делінген сот хабарламасында.

Бөлісу:
Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі · Egemen Qazaqstan