Сенат
1 мин оқу 183

Комитеттің көшпелі отырысы

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде &laquo;Мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы жаңалықтар&raquo; тақырыбы бойынша көшпелі отырыс өткізді.</p>

Комитеттің көшпелі отырысы

Мемлекеттік қызмет саласын­дағы заңнаманы одан әрі жетіл­дірудің өзекті мәселелерін талқылау – кездесудің басты мақсаты болды.

«Агенттік Мемлекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес мем­лекеттік қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған бір­қатар жобаларды жүзеге асырып келеді. Олардың бәрі біздің мем­лекетіміздің игілігі үшін жұ­мыс істейді деп сенім артамыз.  Сонымен қатар біздің комитет мүшелері зерттеуді және заң­на­малық тұрғыдан бекітуді талап етуі ықтимал бірқатар мәсе­лені көтеріп отыр», деді Сенат комитетінің басшысы Андрей Лукин.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазық­баев сенаторларға мемлекеттік қызметті бюрократиядан арылту, цифрландыру, мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілерді жою және одан «кету» тәртібін оңайлату жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Сенаторлар кездесуді қоры­тын­дылай келіп, бірқатар ұсы­нысын айтты. Онда өңір­лердегі белсенді және талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында «Өңірлік кадр резерві» жобасының сапалы іске асуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты тәртібінің сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі Агенттіктің өкілеттігін іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдау да бар.

Бөлісу:
Комитеттің көшпелі отырысы · Egemen Qazaqstan