Теннис
1 мин оқу 412

Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыста жеңімпаз атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Түркияның Анталья қаласында ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ж.Құламбаева ресейлік Дарья Лодиковамен бірге швециялық Жаклин Кабай Авад пен грекиялық Марта Матуламен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Әлемнің 446-ракеткасы Жібек Құламбаеваның жекелей сында да үздік шығатындай мүмкіндігі бар. Ол жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 909-орында тұрған түркиялық Башак Эрайдынды 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Финалдық жарыста Ж.Құламбаева рейтингте 622-сатыда тұрған чехиялық Дениса Хиндовамен кездеседі.

Бөлісу:
Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыста жеңімпаз атанды · Egemen Qazaqstan