Теннис
1 мин оқу 400

Жібек Құламбаева Түркиядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші, әлемнің 446-ракеткасы Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 622-орында тұрған чехиялық Дениса Хиндовамен бас жүлдені сарапқа салды.

Нәтижесінде, Жібек Құламбаева 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетсек, кеше отандасымыз ресейлік Дарья Лодиковамен бірге жұптық сында да үздік нәтиже көрсетті. Осылайша, ол жарыстың абсолютті чемпионы атанды.

Бөлісу:
Жібек Құламбаева Түркиядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды · Egemen Qazaqstan