Ауа райы
1 мин оқу 375

Алдағы 3 күнге арналған ауа-райы болжамы

<p style="text-align: justify;">&laquo;Казгидромет&raquo; РМК синоптиктері 4-6 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдағы 3 күнге арналған ауа-райы болжамы

Жерорта теңізінен жылжыған Батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер елдің басым бөлігіне әсер етеді.

«Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, 5-6 сәуірде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік–шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Таймыр түбегінен жылжыған солтүстік циклон аясында 6 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, елдің оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл мен найзағай, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды деп болжанып отыр», делінген хабарламада.

 

Бөлісу:
Алдағы 3 күнге арналған ауа-райы болжамы · Egemen Qazaqstan