Дәстүр
2 мин оқу 340

Бас бәйге – «Алатауда»

<p style="text-align: justify;">Ұлыстың ұлы мейра&shy;мында ұлттық өнер&shy;дің өрісі кеңіп, Өзбек&shy;станның Термез қала&shy;сында көк&shy;пардан халық&shy;аралық жарыс өткен еді. Деле&shy;бені қоздырар додалы жа&shy;рысқа Алма&shy;ты об&shy;лысының тақы&shy;мы мық&shy;ты көкпаршы&shy;ла&shy;ры&shy;нан құралған &laquo;Ала&shy;тау&raquo; командасы қатыс&shy;ты.</p>

Бас бәйге – «Алатауда»

Өзбекстан президентінің кубогі са­рапқа салынған бұл жарыста облыстың намысын қорғаған «Алатау» көкпар командасы іріктеу сындарында қарсылас «Өз­бекстан-2» және «Қара­байыр» (Өз­бекстан) ко­ман­даларын артқа тас­тап, ше­шуші ойында Қырғыз­стан құрама командасын 12:4 есе­бімен ойсырата же­ңіп, бай­рақты бәсекенің бас бәй­гесін қанжығасына байлаған-ды.

Осыған орай, халықаралық жарыс­тың жеңімпазы атанған «Алатау» көк­пар командасын Алматы облы­сының әкімі Марат Сұлтанғазиев қуа­­­ныш­­­пен қарсы алып, ұлттық спорт­­қа қосқан сүбелі үлесі мен халық­аралық жарыс­та жоғары нәтиже көрсеткендері үшін «Алатау» көкпар феде­ра­циясының президенті Сәбит Қасеновке және команда бап­кері мен спортшыларға Ал­ғыс­хатын табыс етті.

Осыдан екі жыл бұрын «Жетісу» атауымен құрылып, кейін «Алатау» аталған көк­­пар командасының аз уа­қыт ішіндегі жетістігі жан жадыратарлық. Оған 2022 жылғы республикалық чем­пио­наттың бірінші лигасында тоғыз команданың ішінен топ жарып, чемпион атануы дәлел.

Алматы облысының екі­ге бөлінуіне орай биылдан бастап «Алатау» атауы­н ен­шілеген көкпаршылардың халықаралық бәсекедегі бұл жеңістері жібін үзбей жал­ғасатынына сенімді. Ат жалында ойнайтын епті де жү­ректі әрі білекті жекпе-жек ше­бері Темірлан Сейітбеков пен Ержанат Тоқтарбаевтың және Бақытжан Сайдолданов, Ережеп Абай бастаған са­йып­қырандардың ойындары қашанда көрерменнің қо­­шеметіне ие. Білікті көк­­пар­шылардың ізінен ілес­кен жас спортшылар Серік Әбуов, Айдос Амантаевтар ертеңінен мол үміт күттіреді. Бас бап­кер Саят Сыдырманов бап­таған команданың 7 ойын­шы­сы бүгінде Қазақстан құра­масының сапында өнер көр­сетіп жүр.

Алматы облысы 

Бөлісу: