Астанада төрт автобустың қозғалыс кестесі өзгереді
<p style="text-align: justify;">Астанада 8 сәуірден бастап төрт маршруттық автобустың қозғалыс кестесі өзгереді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> City Transportation Systems сайтына сілтеме жасап. </p>

«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық жағдайлардың алдын алу мақсатында, аялдама пунктінен шығудағы, сондай-ақ төрт жолақты жол төсемі кезінде солға бұрылыста қайта тұру кезіндегі қиындыққа байланысты, Тұран даңғылының бойында (Қорғалжын тас жолы бағытында) орналасқан Keruen City СОО аялдама пункті 2023 жылғы 8 сәуірден бастап №35, 300, 305, 312 бағдарлардың қозғалыс схемасынан алып тасталады», делінген хабарламада.
Компания жолаушылардан мұқият болуды және өз бағдарларын алдын ала жоспарлауды өтінді.
