Тұлға
1 мин оқу 310

Майдангер ғалым мұрасы

<p style="text-align: justify;">Қазақ даласында ғы&shy;лым&shy;мен айналысқан тұл&shy;ғалар жетерлік. Соның бірі &ndash; Мойсей Гендельман. Ол ауыл шаруашылығы сала&shy;сында өнімді еңбек етіп, жерге орналастыру ғы&shy;лы&shy;мының негізін қалаған. Осы орайда Астана қаласы мем&shy;лекеттік архивінде ға&shy;лым&shy;ның 100 жылдығына арналған &laquo;Шексіз өлке май&shy;талманы&raquo; атты дөң&shy;гелек үстел өтті.</p>

Майдангер ғалым мұрасы

Аталған іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігі Архив­тер және құжаттаманы бас­қару комитеті мұрындық бол­ды. Ар­хив­шілер арнайы С.Сей­фуллин атындағы Қа­зақ агро­техникалық зерттеу универ­ситеті Агрономия факуль­тетінің студенттерін қонақ­қа шақырған. Мұндағы мақсат – жас­тардың ғылымға деген құш­тарлығын оятып, жас ұрпақты ұлт тарихын білуге тарту.

М.Гендельман 1941 жылы 26 маусымда қатардағы ерікті ретінде майданға аттанады. Гитлер радиостансалардың шақыру белгі жүйелерін анықтағаны үшін «Ерлігі үшін» және «Жа­уынгерлік еңбегі үшін» медальдарын алған. Соғысты Тынық мұхитта аяқтап, әскерден босарда өз полкінің жауынгерлеріне «Шарт­ты қарсыластың радио­стансаларының тактикалық және техникалық мәліметтері» оқу­лығын қалдырады. Жеңісті Берлинде қарсы алады. Рейхс­тагтің қабырғасына шегемен: «Сіздер енді бізге келмес үшін Моисей Одессадан келді» деп жазу қалдырып, майдандастарының қошеметіне ие болады.

Жиын барысында студент­тердің назарына Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор М.Гендельманның жеке архив қорының құнды тарихи құжаттарының көрмесі және олардың ресми тұсаукесері ұсынылды. Сондай-ақ архив қоймасы бойынша таныс­тыру экскурсиясы өткізіліп, фототаспаға жазылған архивтік құжаттарды цифрландырудың таңғажайып үдерісі көрсетілді. Айта ке­тейік, іс-шара «Архив және бола­шақ ұрпақ» жобасы аясында ұйым­дастырылған.

Бөлісу:
Майдангер ғалым мұрасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар