ТҰЛҒА
ТҰЛҒА бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Адамзат асқарындағы ақын

Әдебиет әлеміне ХХ ғасырдың 60-жылдарының бас кезінде келген Олжас Сүлейменов бірден кең тынысты ақындығымен танылды. Сөз бен ой зергерлерінің біріне айналды. Оның әр шығармасы оқырманды бейжай қалдырмайтын. Ылғи да тамсандырып, баурай жөнелетін. Бұл ақынның нені айтқысы келсе де, ашық әрі анық, ешкімнен тайсалмай, барынша батыл айта білгенінен болса керек.

Бекзат болмыс иесі

Қазақтың топырағы киелі ғой, шіркін. Қызылжар өңірінде де талай жақсы мен жайсаң өмірге келді. Есте жүрген есімдердің арасында елдің дамуына, қазақтың ұлт ретінде танылуына өлшеусіз үлес қосқандары қаншама?! Бүгін солардың бірегейі, өнердің шыңы атанған операның дүлділі – Кеңес одағының, Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толды. Қазақ елінің мақтанышына айналған өнер майталманы теңдессіз дауысымен ғана емес, биік мәдениетімен, зиялылығымен және сегіз қырлы өнерімен танылған ерекше тұлға еді.

Құт саулаған аруана

Қазақ күйінің ханымы – Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толды. Күйшінің туған жерінде, Жаңақала топырағында ұлттық өнерді ұлықтаған, тарихи тұлғаны тағы бір танытқан ерекше той дүркіреп өтті.

Өз өрнегін тапқан ақын

Ақылбек ақынды өзінің туып-өскен Тобыл-Торғай өңірі баяғыда мойындаған. Осыған дейін талай кітап шығарып, туындылары оқырман олжасына айналып, ақын шығармаларының баспасөз беттерінде сын садағына ілікпегенін де атап өту парыз.

Уақыттан озған дауыс

Қазақ даласының төсінде туған ән – халықтың жан дүниесінің үні. Сол үнді ғасырлардан ғасырларға жеткізіп, сахнаға шығарып, ұлт рухының асқақ бояуы­на айналдырған өнер алыптары аз емес. Солардың көш басында тұрған дара тұлғалардың бірі – Қазақстанның Халық әртісі, актер, әнші, күйші, композитор Манарбек Ержанов.

Аманат мұрасы аласармайды

Шығыс даналығында «Үй әкеге сүйенеді, ал ол өмірден өткеннен кейін абыройы­на сүйенеді» деген сөз бар. Әкеміз Әбсаттар Дербісә­ліні елімізде білмейтін адам кемде-кем шығар. Ол – отан­дық арабистикадағы тұңғыш ғылым докторы, профессор, ҰҒА академигі. Сонымен бірге еліміздің дінбасы болған тұлға.

Қайсар қаламгер

Мұнайлы өңір журналистері құрмет тұтатын қаламгердің бірегейі – Құмарғали Ғабдешұлы. Жақында 90 жасқа толған ағамыз жайдары мінезімен, қиындыққа мойымайтын қайсарлығымен ерекшеленіп келеді.

Ғылымға ғұмырын арнаған...

Мол ізденіс, қыруар еңбек, қаншама күш-қайрат пен қажыр – нағыз ілімнің жолы. Иә, ғылым инемен құдық қазғандай жанкештілікті талап етеді. Осы бір ізгі жолда бар ғұмырын сарпыған ғалымдардың бірін білсек, бірін білмей жатамыз. Ал биыл мерейлі 85 жасқа толып жатқан ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғалым-химик Қалдыбай Пірәлиевтің есімін ғылыми орта жақсы біледі. Оның ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты – нәзік органикалық синтез тәсілдерін жасау, отандық жаңа залалсыз әрі әсерлілігі өте жоғары дәрілік заттарды жасау. Осы ізденісімен ғылыми шыңдарды бағындырып, химия ғылымы саласына елеулі еңбегі сіңген тұлғаға айналды.

Арлы болмыс баяны

Софы Сматаев! Иә, леп белгісіне әбден лайықты тұлға. Қазақ жазушыларының ішінде тағдыр-талайы ерекше. Тума талант. Тегінен дарыған нышанды қасиеттерге ие. Бүкіл шығармашылық жолы, азаматтық асулары арлы болмысы мен ақиқатшыл дарынын айғақтайды.

Жақсы адам

Адам баласы — қызық жаратылыс. Кейде бір-біріне «жақсы адам» деген бірауыз сөзді қимай жатады. Бәлкім, мұның түп-тамыры адамзат жадында ежелден сақталған Әбіл мен Қабыл туралы әпсанамен де байланысты шығар.