Ақмола облысының тұрғыны 9 мина мен 5 граната тауып алды
<p style="text-align: justify;">Ақмола облысының тұрғыны шөл даладан 9 мина мен 5 граната тауып алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жарқайың ауданы Тасты-Талды ауылының тұрғыны жарылғыш заттарды 4 сәуірде тапқан. Айтуынша, ол қара металды жинау кезінде арнайы құрылғының көмегімен шамамен 50 сантиметр тереңдіктен алып шыққан. Оқиға туралы ер адам бірден полицияға хабарлаған.

Жедел-тергеу тобы мен сапер мамандары дереу жолға шықты. Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы 3 мина, жаяу әскерге қарсы 6 мина, F-1 және rid-5 моделді 5 граната тексеріліп, олардың оқу-жаттығулық екені және өмірге қауіп төндірмейтіні туралы қорытынды шығарылды.
