Қоғам
1 мин оқу 352

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

<p style="text-align: justify;">Қаңтар оқиғасына&nbsp; байланысты күдікке ілінген Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі хабарламасы бойынша, сот қаулысымен тергеу органының өтініші қанағаттандырылды. А.Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамау мерзімін 2 айға, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді», делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Арман Жұмагелдиевке 2022 жылғы қаңтар айының басында қаруды заңсыз сақтағаны және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін айып тағылып отыр.

Бөлісу:
«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі ұзартылды · Egemen Qazaqstan