Қазақстан
2 мин оқу 500

Сұйытылған газ қымбаттайды

<p style="text-align: justify;">Еліміздің бес өңірінде сұйытылған мұнай газы (СМГ) қымбаттайтын болды. &laquo;Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю стансаларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы&raquo; Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі №16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.</p>

Сұйытылған газ қымбаттайды

«Қазақстандық отын қауымдастығының және нарық субъектілерінің көлік қызметтеріне (көлік-экс­педиторлық қызметтер, вагондарды беру және жинау жөніндегі қызметтер) шы­ғындардың ұлғаюына, СМГ-ны бірқатар облыста өткізу кезінде шекті бағала­ды көтеру қажеттілігі туралы (5-тен 10 теңге шегінде) өтініштерін ескере отырып, көлік қызметтеріне (көлік-экспедиторлық қызметтер, вагондарды беру және жинау жөніндегі қызметтер) автомобильге газ құю стансалары мен газ жинақтау пункт­терін, жалақы қорын, бөгде ұйымдардың қызметтерін ұстау және оларға қызмет көрсету, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» магистральдық темір жолдары бойынша жүк­тер­ді тасымалдауға арнал­ған тарифтер СМГ-дағы белгіленген бағаларды бұрын­ғы деңгейде сақтай оты­рып, СМГ-ны өткізуді шек­теу және оның тап­шы­лығы тәуекелдері туындайды», делінген қаулыда.

Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында, Алматы облысында, Солтүстік Қазақ­стан облысында және Алматы қаласында СМГ-ны бөлшек саудада сату бағасын өзгер­ту ұсынылады. Нақтылап айтқанда, сұйытылған мұнай газының бағасы Алматыда – литріне 65-тен 75 теңгеге, Алматы облысында 70-тен 75 теңгеге, Шығыс Қазақстан облысында – 60-тан 70 теңгеге, Солтүстік Қазақстан облысында 70-тен 75 теңгеге және Абай облысында 60-тан 65 теңгеге көтерілмек.

Сондай-ақ осы өңірлердегі шалғай аудандардағы баға­лар да өседі. Еліміздің өзге аймақтарындағы СМГ-ның бөлшек бағасы өзгеріссіз қалды. Бұйрық жобасы 17 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылады.

«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкер­лік кодексінің 119-бабына сәй­кес Агенттік Төрағасының міндетін атқарушысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы №1 бұйрығымен автогаз құю стансаларынан сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі – СМГ) бөлшек саудада өткізуге аймаққа байланысты литріне 50-ден 70 теңгеге дейінгі шекті бағаларды белгілей отырып, уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілді. Бұдан әрі агенттіктің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 16 және 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №20 бұйрықтарымен осы шекті бағалар 2023 жылғы 30 маусымға дейін ұзартылды», делінеді қаулы мәтінінде.

Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын негізгі тұтыну­дың 60%-дан астамы автокө­лікке тиесілі. 2019 жылдан бас­тап сұйытылған газға ауыс­тырыл­ған автокөлік саны 2021 ж­ылға қарай 2,2 есе өсіп, 310 мың­нан астам бірлікке жетті.

2021 жылы 3,17 млн тонна сұйытылған мұнай газы өн­дірілсе, 2022 жыл бұл көр­сет­кіш 2,82 млн тоннаны құра­ды. Биыл 2,86 млн тонна көле­мінде СМГ өндірілуге тиіс. 

Бөлісу: