Жаңалықтар
1 мин оқу 351

Астана күніне орай қала қауіпсіздігін 800 полиция қадағалайды

PoliciaАСТАНА. 3 шілде. 4-8 шілде аралығында 800-ден астам полиция қызметкері елордамыздағы тәртіптің сақталуын қадағалайды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Хабарламада көрсетілгендей, мереке күндері қоғамдық орындарда, көшелерде, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылатын жерлерде заңбұзушылықтың алдын алу үшін қосымша шаралар қолға алынады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері, әсіресе, әуежай мен сапаржайдағы қауіпсіздікке мейілінше көбірек көңіл бөлмек. Бұдан бөлек, ерекше маңызды нысандарда, арнайы мекемелерде күзет қызметі барынша күшейтіледі. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: newskaz.kz.
Бөлісу: