Медицина
1 мин оқу 350

Қазақстандықтар дәрігер кеңесін онлайн режимде қабылдай алады

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігі &laquo;Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларына&raquo; өзгеріс енгізуі мүмкін, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандықтар дәрігер кеңесін онлайн режимде қабылдай алады

«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта көрсетілгендей, енді Қазақстар азаматтары төменде көрсетілген мамандардың кеңесін онлайн режимде ала алады:

  • Реабилитолог;
  • Логопед;
  • Психолог;
  • Терапевт;
  • Педиатр;
  • Хирург;
  • Акушер-гинеколог;
  • Оториноларинголог;
  • Кардиолог;
  • Пульмонолог;
  • Ревматолог;
  • Невропатолог;
  • Инфекционист;
  • Аллерголог;
  • Эндокринолог;
  • Гастроэнтеролог;
  • Офтальмолог;
  • Гематолог;
  • Нефролог;
  • Уролог;
  • Андролог;
  • Геронтолог;
  • Дерматовенеролог;
  • Иммунолог;
  • Травматолог-ортопед.

«Жоба ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» іс-шаралар жоспарының 101-тармағының телемедицина арқылы орналасқан жері бойынша медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту бойынша әзірленді», делінген Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында.

Аталмыш құжат 25 сәуірге дейін ашық талқылауда болатынын айта кету керек.

Бөлісу: