Аймақтар
1 мин оқу 366

Павлодар облысында жол апатынан 2 жасар бала көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысы Ақсу қаласының маңында жол апаты болып, 2 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға 9 сәуір сағат 20:30 шамасында болған. Ақсу қаласының маңындағы Ленинский-Курчатов және Ақсу-Үштерек автожолдарының қиылысында Toyota Corona және Audi-80 автокөліктері соқтығысқан.

Апат салдарынан 2021 жылы туған Audi-80 автокөлігінің 2 жасар жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан жан тапсырды.

Audi-80 жүргізушісі, 29 жастағы және 28 жастағы жолаушылар жарақат алып, Ақсу қаласының ауруханасына жатқызылды.

Автокөліктер айып тұрағына қойылды.

Бөлісу:
Павлодар облысында жол апатынан 2 жасар бала көз жұмды · Egemen Qazaqstan