Елорда
1 мин оқу 543

Астана маңындағы өрт өршіп барады

<p style="text-align: justify;">Бүгін, 13 сәуірде Астана әуежайының маңында құрғақ шөп пен қамыс <a href="https://www.instagram.com/p/Cq-LtZsoECJ/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">өртене </a>бастады, бірнеше сағат өтсе де, тілсіз жау әлі ауыздықталған жоқ. Оқиға орынына Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 40 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елорда маңындағы өрт жөніндегі алғашқы хабарлама 12:28-де түсті.

Қалалық ТЖД ұсынған мәлімет бойынша, оқиға орнында жедел штаб құрылды.

«14:30-дағы жағдай бойынша құрғақ шөп пен қамыстың өртену аумағы шамамен 3 гектарға жетті. Қазіргі уақытта Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 40 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ әкімдіктің 4 суару жуу машиналары өртті сөндіріп жатыр», делінген ақпараттық хабарламада.

Ведомство өкілдері қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін қоса хабарлады.

«Өрттің себебі алдағы уақытта анықталады. Екпінді жел мен құрғақ шөп өрт сөндіру жұмыстарына қиындық келтіріп жатыр», деді ТЖД өкілдері.

Айта кетсек, өрт әуе айлағының қызметіне әсер етпеген. Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

 
Бөлісу:
Астана маңындағы өрт өршіп барады · Egemen Qazaqstan