Қоғам
1 мин оқу 1,001
Астанадан Щучье қаласына дейінгі жол жабылды
<p style="text-align: justify;">ҚазАвтожол елордадан Щучье қаласына дейінгі жол жабылғанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Астана-Петропавл» тасжолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығы автокөліктің барлық түрі үшін жабық», делінген хабарламада.
Жолшылар жаңа жауған қарды тазалап, жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеуді жалғастыруда. Мәселен, жабық тұрған «Астана-Щучье» бағытында күтіп-ұстау жұмыстарын 41 бірлік арнайы техника мен 48 жолшы маман атқарып жатыр.
Бөлісу:
