Қоғам
1 мин оқу 6,010

Жаңаөзенде болған жарылыстың себебі анықталды

Жаңаөзенде екі қабатты тұрғын үйде болған жарылыстың себебі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңаөзенде болған жарылыстың себебі анықталды

«17 сәуірде түнгі сағат 04:05 шамасында Жаңаөзен қаласы, Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан 2-қабатты үйде газдың ағуы салдарынан жарылыс болды. Аталған факті ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазір аталған іс бойынша облыс прокуратурасымен процестік прокурорлар тобы айқындалып, облыстық ТЖД және ПД басшыларының бірлескен бұйрығы негізінде ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру облыс прокуратурасының бақылауына алынып, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Жаңаөзенде болған жарылыстың себебі анықталды · Egemen Qazaqstan