Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны қағып кетті
<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны қағып кеткен. Жылқылардың иесі анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://pavlodarnews.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Pavlodarnews.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>
Көліктегі полиция департаменті ұсынған деректерге қарағанда, 16 сәуірде Екібастұз-1 өткелінің 303 шақырымында жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылардың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Пойыз 1 сағат 33 минут бойы тоқтап тұрды.
«Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Салдарынан 7 бас жылқыны қағып кетті. Оның ішінде бір жылқы өліп, 6 жылқы жарақат алды», деді департаментте.
Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жылқының теміржол бойына шығуына жол берген Екібастұз қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтады.
Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі, яғни темiржол аумағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
