Суицид тек әскерде болады деу қате пікір - Бас әскери прокуратура
<p style="text-align: justify;">Әскердегі сарбаздардың өлімі жиілегеннен кейін, қоғамда әскерилердің өз-өзіне қол жұмсауы көп болады деген пікір қалыптасқаны рас. Дегенмен, бас әскери прокурордың бірінші орынбасары, әділет подполковнигі Мақсат Қазиев оның шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары бұндай пікірдің ресми мәліметтермен сәйкес келмейтінін айтады.
«Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, 2018-2022 жылдары Қазақстанда 17 631 суицид және 21 332 оған оқталу жағдайы тіркелген, яғни 10 мың азаматқа 9 суицид және 11 өз-өзіне қол жұмсауға оқталу келеді. Олардың 86 суициді және 20 өз-өзіне қол жұмсауға оқталу дерегі әскерде болған, яғни 10 әскери қызметшіге 6 суицид және 1 өз-өзіне қол жұмсауға оқталу келеді», деді ол.
Мақсат Қазиевтің пікірінше, бұл деректер суицид көбіне әскерде болады деген түсінікті жоққа шығарады.
