Экономика
1 мин оқу 370

Доллар бағамы өсті

<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.</p>

Доллар бағамы өсті

Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 2,35 теңгеге көтеріліп, 451,00 теңгені құрады. Айта кетейік, доллардың 18 сәуірдегі ресми бағамы - 448,41 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 450,80 теңге, сату – 454,04 теңге.

Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 449,03 теңгеден сатып алынып, 453,04 теңгеден сатылып жатыр.

Бөлісу:
Доллар бағамы өсті · Egemen Qazaqstan