Қылмыс
2 мин оқу 351

Орталықтағы алаяқтар

<p style="text-align: justify;">Алғашқы автокөлік құжаттарын реттейтін мамандандырылған қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) ашыла бастағанда, біраз жұрт &laquo;Енді парақордың да, пара берушінің де жолы кесілді. Көлікті &laquo;көкесіз&raquo; ресімдеп, тесті өзі баға қоятын компьютерге тапсырамыз, жүргізуші куәлігін таза білімнің күшімен алатын болдық&raquo; деп бір серпіліп қалған еді. Өкінішке қарай, бұлай болмай шықты.</p>

Орталықтағы алаяқтар

ХҚО-ның айналасында­ғы алаяқтар күні бүгінге дейін ас­тыртын әрекет етіп, жүргізуші куә­лігін сатып келген. Жақында по­лиция қызметкерлері Қостанай қаласындағы мамандандырыл­ған халыққа қызмет көрсету орта­лы­ғына тінту жүргізіп, жүргізуші куә­лігін саудаға салып келген қыл­мыстық топты ұстады.

– Жедел тінту шаралары бары­сында қылмыстық әрекетке қа­тысы бар деген күдікпен ХҚО-да емтихан қабылдаумен айналыс­қан 5 адам ұсталды. Олар жүргізу­ші куәлігін беру үшін ақы алып келген. Емтиханға келушілер беріл­ген 40 минуттың орнына небәрі 5 минуттың ішінде тест тапсырып шыққан. Қазақ тілін білмейтін адамдар емтиханды мемлекеттік тілде тапсырып отырған. Қазір қажетті бастапқы тергеу әрекеттері, сондай-ақ айғақтарды анықтау мақсатындағы санкцияланған тін­ту шаралары жүріп жатыр. Банк карталары, 1 млн теңгеден астам қолма-қол ақша, компьютерлік техника, флэш-карталар, ұялы телефондар мен құжаттар тәркіленді. Тінту кезінде күдіктілердің бірінен 12 калибрлік оқ-дәрі және заңды тіркеуде жоқ тегіс ұңғылы мыл­тық тәркіленді, – деді облыстық ПД басшысы Ерлан Омарбеков.

Ұсталғандар – жүргізуші куәлігі мен жүргізуші санаттарына емтихан қабылдау қызметін тендер бо­йынша ұтып алған жауапкершілі­гі шектеулі серіктестіктің өкілдері. Қылмыстық топ үміткерлерден ақы алып, теориялық білім мен тә­жі­рибелік дағдыға емтихан қа­был­­дамай-ақ жүргізуші куәлігін үлес­тіріп отырған. Полицияның мәлім­деуінше, алаяқтарды анықтауға облыс жолдарындағы көлік апа­тының шектен тыс жиілеп ке­ткені түрткі болған. Жол апатына ұрынған жүргізушілердің көбі қарапайым жол ережесінен бейхабар болып шыға берген соң, полицияның жүргізуші куәлігін беретін мекемеге деген күдігі де күшейе түскен.

– Мысалы, жыл басында Руд­­­­ный қаласында «Сhevrolet Сobalt» көлігін мінген 19 жас­та­ғы жүргізуші куәлігін алғанына ­­бір ай толмай жатып «Audi» авто­кө­лі­гін соқты. «Audi» көлігінде отыр­ған жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Мұндай зар­дабы ауыр жол апаттары тым көбейіп бара жатқан соң, салалас мекемелердің бірінде астыртын сыбайласқан топ болуы мүмкін деген күдікпен мамандандырылған ХҚО-ға қатысты арнайы жедел шара жүргізу туралы шешім қа­­был­дадық. Арнайы операция об­­лыс прокуратурасының үйлес­­ті­руі­мен өтті, – дейді полиция де­пар­таментінің басшысы Е.Омарбеков.

Қазір аталған қылмысқа қа­­тысты тергеу амалдары жү­ріп жатыр. Осыған байланысты ма­ман­дандырылған халыққа қыз­мет көр­сету орталығы жүргізуші куә­лігі мен жүргізуші санатын алу­шылардан теориялық және тәжі­рибелік емтихан қабылдауын тоқ­татты. Полиция күдіктілер­дің жүр­гізуші куәлігі мен санаттар ал­ған 1 мыңнан астам адамға қыз­мет көрсеткенін анықтап отыр. Олар­дың қайсысының емтиханды адал тапсырғаны, қайсысының қыл­мыстық топтың көмегіне жү­гінгені тергеу амалдары барысында анықталады.

Қостанай облысы 

Бөлісу:
Орталықтағы алаяқтар · Egemen Qazaqstan