Театр
2 мин оқу 640

«Еріксіз емші» – ерекше қойылым

<p style="text-align: justify;">Ерекше қойылым деп отырғанымыз, облыстық драма театрда болған &laquo;Еріксіз емші&raquo; спектаклін көрермен сахнада отырып тамашалады. Тұңғыш рет ұйымдастырылған көшпелі театр стиліндегі комедияның премьерасына барған ел әй бір күлкіге қарық болды-ау. Құр күлкі емес, қойылымда мән бар, мағына бар. Қоғам мәселесін және қаузаған.</p>

«Еріксіз емші» – ерекше қойылым

Француз комедиографы­ Жан­ Батист Мольердің «Еріксіз емші»­ туын­дысы Сганарель есім­ді қара­па­йым ағаш кесуші туралы. Оның көзі­ ашық, көкі­ре­гі ояу азамат бол­ғанымен, ішкі­лік­ке жақын. Қыз­-келіншектерге қы­рын­дап қоя­тыны тағы бар. Әйелі Мар­­ти­на – күнделікті үй тірлігін күйт­­теп жүрген қарапайым жан.­ Күн­дер­дің­ күні ащы судан­ ұрттап алған Сга­нарель Мар­ти­наны сабайды. Оны­ байқап қал­ған көршісі араша­ бол­мақ еді, әйелі: «Сабағысы кел­ген шы­ғар, сабасын, өз күйеуім», деп­ қорғауға келген жігіттің беті­нен ала түседі. Ерлі-зайып­ты­­ның арасына түскен жігіт өкініп қалса керек. Алайда әйелі күйеуінің бұл бассызды­ғы үшін өш алуға ниеттенеді. Іздегенге сұраған демекші, Жеронт бай­­дың мылқау қызына ем­ші­ іздеп жүрген қос жолаушы Мар­ти­на­ға жолығып қалады. Жөн сұ­раса келе, күйеуінен теперіш көр­ген әйелдің ойына кек алу әдісі­ сақ ете қалмасы бар ма?! Дәруіш іздеп жүргендердің аң­­ғал­­­дығын байқаған әйел кез келген аурудың бетін қай­тара­тын­ емшінің бар екенін айтып,­ орманда отын дайындап­ жүр­ген­ күйеуіне қарай бағыттап жібе­ре­ді. «Тәуіп емшілік қасиетін жа­сы­­рады. Емші екенін мойын­да­май­ жатса, сабап алу керек»­ деп, солар­­дың қолымен кек алу ойын­ жүзе­ге асырмақ болады.­ Ақы­ры­ жүзе­­ге асырды да. Оны­­­­мен қой­­май, кү­йеуі­ өзін емші­­мін деп мойын­­дап, бай­дың қы­зын емдеу­ге­ ­­келісім бер­ді. Ел құлағы елу. Сга­на­­рельдің дәрігер екені дүйім жұрт­қа мәлім болады. Ақыры «еріксіз емші» өз өмірін қатерге тігіп, байдың қызы Люсинданы емдеуге кіріседі. Шындығында, ол қыз ауру емес еді, тек әкесі қарсы болып, ға­шы­ғы Леандрға қосыла алмай жүр­ген. Мұны білген «еріксіз емші» екеуінің бір-бірімен табысуы үшін барын салады. Есесіне, қалтасын да қампитады.

Қойылым көпшіліктің көңі­лі­нен шықты. Барлығы қол со­ғып, қошеметтеп, әртістерге, режис­­серге, суретшіге ризашы­лығын білдірді. Шыққан соң да театр холында спектакльді тал­қы­ла­сып­ жатты...

«Спектакльді жақыннан та­ма­­­­­­­­ша­лаудың өзі ерекше екен.­ Бей­небір ХVІІ-ХVІІІ ғасыр­да­ғы­­ Францияға еніп кеткендей­ әсерде болдық. Жастар теат­ры­ны­ң қойылымдарын жібермей көруге тырысамын. Әртістер­дің­ шеберлігіне сөз жоқ. «Театр – өмір айнасы» деуші ме еді?! Кейде кейіпкерлерден өзімізді көріп отырамыз», дейді театр­дың­ тұрақты көрермені Айдана Болат­қызы.

ӨСКЕМЕН 

Бөлісу:
«Еріксіз емші» – ерекше қойылым · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар