Әлем
1 мин оқу 290
Қытайда ауруханада өрт шығып, 21 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Бейжің ауруханасындағы өрттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өрт 18 сәуір 13:00 шамасында басталған.
Өрт Қытай астанасының батысындағы Бейжің Чанфэн ауруханасының стационарлық бөлімшесінен шыққан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті 30 минут ішінде сөндірді. 2 сағаттан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары толығымен аяқталды.
71 науқас эвакуацияланған. Қазір 21 адамның қайтыс болғаны белгілі болды.
Бөлісу:
