Дін
1 мин оқу 594

Қандай заттардан зекет берілмейді?

<p style="text-align: justify;">Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы жауап берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қандай заттардан зекет берілмейді?

Күнделікті тіршілікте қолданылатын негізгі қажеттілікке жататын заттардан зекет берілмейді.

Олар:

  1. Баспанасы,үй жиһаздары мен пайдаланатын құралдары;
  2. Ғылым адамдарының кітаптары мен өнер адамдарының аспаптары; 
  3. Өзі және әйелі мен балаларына жететін бір айлық (басқа бір риуаятта бір жылдық) азық-түліктері;
  4. Өзі және отбасының киетін киімдері;
  5. Дәрі-дәрмектер;
  6. Егістік және шаруашылықта қолданатын трактор, комбайн, мінетін көлік сияқты техника мен құрал-саймандарынан зекет алынбайды. Бірақ бұл құралдармен жалданып, ақша табатын болса тапқан ақшасынан зекет алынады.
Бөлісу:
Қандай заттардан зекет берілмейді? · Egemen Qazaqstan