Еліміздің басым бөлігінде тұман түседі
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін, 20 сәуірде Астанада және тағы 11 өңірде тұман, көктайғақ және үсікке байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қостанай облысының солтүстігі мен батысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысының Алакөл көлдерінің аудандарында кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 2-7 градус үсік сақталады.
Батыс Қазақстан облысынының батысында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Астанада кей уақыттарда тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

