Жаңалықтар
1 мин оқу 500

Еліміздегі елеулі жетістіктер – баршаның еңбегі

Ел басшылығы Астана күні мерекесінде Елбасымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында ел бас­шылығының өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Астана күні мерекесімен құттықтап, бақ-береке, мықты денсаулық және жұмыста табыс тіледі. Сондай-ақ, Астана мен бүкіл елді қарыштап дамытудағы Мемлекет басшысының жеке үлесі атап өтілді. Жылы сөздер мен тілектерге ризашылығын білдірген Қазақ­стан Президенті ел ішінде және халықаралық аренада жеткен елеулі жетістіктер Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап осы бағытта мақсатты түрде қызмет еткен баршаның еңбегі екенін атап айтты.
Бөлісу:
Еліміздегі елеулі жетістіктер – баршаның еңбегі · Egemen Qazaqstan