Қоғам
1 мин оқу 354

Қызылордада тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Жарылыс сәті үй алдына орнатылған бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қызылордада тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

Жарылыс салдарынан денесін күйік шалған ер адам дереу ауруханаға жеткізілді.

«Қызылордада Яншина көшесіндегі жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылысы болды, салдарынан 182 шаршы метр аумақ жанып кетті. Әрі қарай өрт осы үй аумағында орналасқан 60 шаршы метрлік уақытша құрылыс нысанына тараған. Құтқарушылар келгенге дейін аяқ-қолы күйіп қалған Өзбекстан Республикасының 1984 жылы туған азаматы қалалық ауруханаға жеткізілді. Өрт сағат 12:09-да ауыздықталды. Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр», делінген облыстық ТЖ департаменті таратқан хабарламада.

Оқиға орнына облыстық ТЖД-ның 25 қызметкері мен 5 техникасы, медицина орталығының 4 қызметкері мен 1 техникасы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның 3 қызметкері және 1 техникасы, «КРЭК» АҚ, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қызылордада тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды · Egemen Qazaqstan