Қоғам
1 мин оқу 600

Елімізде теракт ұйымдастырмақ болған шетелдік азамат ұсталды

<p style="text-align: justify;">Оңтүстік Қазақстанда шетелдік азамат теракт ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы&nbsp;Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сонымен қатар ведомство астанада радикалды діни ұяшықтың бейтараптандырылғанын мәлім етті. Оның 8 мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.  

Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

«Аталған қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында Терроризмге қарсы орталықтың үйлестіруімен 188 оқу-жаттығулары өткізілді. Құзыретті мемлекеттік органдардың күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталды. Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Елімізде теракт ұйымдастырмақ болған шетелдік азамат ұсталды · Egemen Qazaqstan