Маңғыстауда қоқиқаздар неден қырылғаны белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сам ауылында қоқиқаздардың жаппай қырылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Экология министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/542371?lang=kk">сайтына</a> сілтеме жасап.</p>
Оқиға орнына аудандық ветеренария станция қызметкері, Сам ауылының әкімі, Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау ММ директорының орынбасары барды. Аумақтан 4 қоқиқаздың өлексесі табылды.
Айта кету керек, Бейнеу ауданының аумағы құстардың маусымдық миграция жолына кіреді.
Соңғы уақытта аудан аумағында ауа-райының қолайсыз жағдайлары тіркелеген – жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соққан.
Алдын ала болжам бойынша, құстар жоғары кернеулі электр сымдарына соғылған. Құстардың өлекселері ветеринария мамандары тарапынан Бейнеу аудандық ветеринарлық лабораторияға тексеруге алынды.
