Қоғам
1 мин оқу 320

Интернет сапасын жақсартуға 560 млрд теңге бөлінеді

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген &laquo;Қолжетімді интернет&raquo; ұлттық пилоттық жобасын іске асыру жоспарлары қаралды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Интернет сапасын жақсартуға 560 млрд теңге бөлінеді

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  қуатты деректер орталықтары мен трансшекаралық талшықты-оптикалық магистральдары бар Цифрлық хабқа айналуы тиіс. Ұлттық жобаның осы мақсаттарына бюджеттен 5 жыл ішінде шамамен 560 млрд теңге бөлу жоспарлануда», деді Премьер-министр. 

Сондай-ақ Үкімет басшысы байланыс операторлары міндеттемелерінің сақталуын ескере отырып, барлық жерде байланыс сапасы мен Интернет жылдамдығының мониторингін күшейту, сондай-ақ қысқа мерзімде Ұлттық жобаны пысықтап, оны Президент Әкімшілігіне бекітуге ұсыну қажеттігін атап өтті.

Бөлісу:
Интернет сапасын жақсартуға 560 млрд теңге бөлінеді · Egemen Qazaqstan