Қоғам
2 мин оқу 530

Қырғыз тілі мен мәдениеті орталығы

<p style="text-align: justify;">Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қыр&shy;ғыз тілі мен мәдениеті орталығы ашылды. Онда тілдік және әдеби бағыттар бойынша оқыту қолға алынады. Сондай-ақ Ош мем&shy;лекеттік университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасы жүзеге асып отыр.</p>

Қырғыз тілі мен мәдениеті орталығы

Салтанатты шараға Еуразия ұлт­тық университеті мен Ош мемле­кеттік университетінің ректорлары Ерлан Сыдықов пен Құдайберди Қо­жобеков, еліміздегі Қырғыз Рес­­публикасының Төтенше және өкі­летті елшісі Дастан Дюшекеев және екі елдің ғалымдары мен оқы­ту­шылары, студенттері қатысты.

– Бұл – біздің негізгі серіктесіміз Ош мемлекеттік университетімен ғылыми-академиялық ынтымақ­тас­тық аясындағы байланысты ке­ңей­тудегі маңызды қадам. 2019 жыл­дан бастап біздің оқу орнында Қыр­ғызстанның жоғары оқу орын­дарынан 200-ден аса өрен әртүрлі білім беру бағдарламалары бойын­ша оқыды. Орталықтың ашылуы бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі ны­ғайтуға ерекше үлес қосатынына сенімдіміз, – деді Ерлан Сы­дықов.

Былтыр Қырғыз елінде Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің филиалы ашыл­ды. Бүгінгі таңда онда 30-ға жуық қыр­ғыз студенті білім алады. Олар қазақ тілі, аударма ісі мен әде­биет мамандығы бойынша оқи­ды.

– Біздің университеттер ара­сындағы ынтымақтастық Қыр­ғыз­стан мен Қазақстан арасындағы дип­ломатиялық қатынастардың дамуына әсер етеді. Өйткені бі­лім – мемлекеттер арасындағы көпір. Біз үшін Еуразия ұлттық университеті – Қазақстандағы үздік университет. Бүгінгі маңызды іс-шара екі жоғары оқу орны ара­сындағы достыққа серпін береді деп сенемін, – деп атап өтті Ош мем­лекеттік университетінің ректоры Құдайберди Қожобеков.

Сонымен қатар еліміздегі Қыр­ғыз Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дю­ше­кеев екі мемлекет арасында білім беру саласында келісім бар екенін жеткізді. «Орталықтың ашылуы біздің азаматтарымыз, осында оқитын студенттер үшін сапалы білім алуға жол ашады»,  деп атап өтті дипломат.

Бөлісу:
Қырғыз тілі мен мәдениеті орталығы · Egemen Qazaqstan