Қоғам
2 мин оқу 592

Теріскейге көшуге ниетті

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысына Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарынан арнайы келген 76 маман бірқатар ауданды аралап, әр сала бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Мақтаарал ауданында басталған &laquo;Қоныс аудару&raquo; жәрмеңкесі Сайрам ауданында жалғасып, Түркістан қаласында қорытындыланды. Үш күннің ішінде 500 отбасы, яғни 2 мыңға жуық түркістандық теріскейге көшуге ниет білдіріп отыр.</p>

Теріскейге көшуге ниетті

Бұл бағытта биыл да 6 727 квота бөлінген екен. Қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлы­тау, Шығыс Қазақстан облыс­тары белгіленген. Бөлінген квота негізінде, жыл басынан бері Түркістан облысынан 34 отбасы қоныс аударған. «Қоныс аудару» жәрмеңкесі аясын­да тұрғындарға қоныс аударған жағ­дай­да көрсетілетін әлеуметтік кө­мек­­тер, көшу шығындарын өтеу бағдарламалары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 4 өңір бойынша барлығы 3 934 бос жұмыс орны ұсынылды.

Делегация өкілдерінің айтуынша, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыс­тарында медицина, білім, көлік, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы салалары және өзге де бағыттар бойынша мамандар тапшы. Жәрмеңкеде облыс тұрғындарына ұсынылған салалар бойынша солтүстік аймақтарда тұ­рақты жұмысқа орналасуға мүм­кін­дік көп екені айтылды. Қоныс аудар­­ғандар жұмыспен қамтылуымен қа­тар, ауыл шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысу үшін жер алып, өз істерін аша алады. Мұнан бөлек, азаматтардың әлеуметтік тұр­мыс жағдайына да ерекше мән бері­ліп, түрлі қолдаулар жасалады. Мәсе­лен, қоныс аударуға отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК, яғни 241 500 теңге мөлшерінде материалдық көмек бері­ле­ді. Тұрғын үйді жалға алу мен ком­му­налдық қызметтер ақы төлеу жөнінен шығыстарды өтеу бойынша ауылдық және қалалық жерлерге қоныстануына қарай көмек көрсетіледі.

Айта кетелік, «Қуатты өңірлер – ел да­муының драйвері» жобасы аясында Түркістан облысынан жұмыс күші жетіспейтін солтүстік аймақтарға 2015-2022 жылдар аралығында 11 892 адам көшкен. Былтыр республика бойынша бөлінген 6 587 квотаның 32,3 пайызы Түркістан облысында игеріліп, 2021 адам қоныс аударған болатын.

Түркістан облысы 

Бөлісу:
Теріскейге көшуге ниетті · Egemen Qazaqstan