Саясат
1 мин оқу 320

Байланыс дамиды

<p style="text-align: justify;">Алматыда Халықтық Рада спикері Борис Коллар бастаған Словакия делегациясының қатысуымен осы елдің Құрметті консулдығы ашылды. Құрметті консул қызметіне Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, жасыл экономика саласындағы сарапшы Гүлмира Толғанбаева тағайындалды.</p>

Байланыс дамиды

Ресми іс-шараға Парламент Мә­жілісінің Халықаралық іс­тер, қорғаныс және қауіпсіздік ко­митетінің төрағасы Айгүл Құспан және Сыртқы істер ми­нис­трінің орынбасары Роман Василенко қатысты.

Салтанатты рәсімге қатысу­шы­ларға арнаған сөзінде Слова­кия Халықтық Рада спикері Б.Коллар Қазақстанның ірі қар­жы, ғылыми, білім беру және туристік орталығы – Алматыда словак консулдығын ашудың маңызына тоқталды. Б.Кол­­лардың айтуынша, Алматы және Алматы облы­сы­ның Қазақ­стан­ның эко­но­ми­калық орта­лы­ғы ретіндегі рөлі айрықша. Кон­сулдық Словакия азаматтарына қолдау көрсете отырып, екі елдің ынты­мақтастығына және бизнес әріптестіктің дамуына ық­пал етеді.

Өз кезегінде депутат Айгүл Құспан құрметті кон­сул­дық­тың ашылуы Қазақ­стан мен Словакия арасындағы дип­ло­­матиялық қа­ты­настардың орна­ғанына 30 жыл толуына орай­ластырылып отырғанын жет­кізіп, бұл оқиға дәстүрлі достық байланыстарды нығай­тудағы тағы бір маңызды қадам екеніне тоқталды.

Сыртқы істер министрінің орын­басары Р.Василенко консул­дық мәдениет, ғылым, білім, эко­но­мика және өзара сауда салаларында Қазақстан-Словак ынты­мақтастығын дамы­ту­ға және нығайтуға ықпал ете­ті­ніне сенім білдірді.

Бөлісу:
Байланыс дамиды · Egemen Qazaqstan