Спорт
1 мин оқу 400

Дзюдодан әлем чемпионаты отандық телеарналардан көрсетіледі

<p style="text-align: justify;">Жаһандық дода 7-14 мамыр аралығында Доха (Катар) қаласында өтеді. Спортсүйер қауым чемпионатты &laquo;Qazaqstan&raquo; және &laquo;Qazsport&raquo; телеарналарынан тікелей эфирде көре алады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге тиісті рейтингтік ұпайлар үлестіріледі. Әлем чемпионы – 2000, күміс жүлдегер – 1400, ал қола жүлдегер 1000 ұпайға ие болады.

Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:

Ерлер:

60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев

73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев

81 келі: Абылайхан Жұбаназар

90 келі: Дидар Хамза, Айдар Арапов (mix team)

100 келі: Нұрлыхан Шархан

100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Ғалымжан Қырықбай

Әйелдер:

48 келі: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

52 келі: Толғанай Әбеуова

57 келі: Бақыт Құсақбаева

63 келі: Эсмигуль Куюлова

70 келі: Анастасия Маякова

78 келі: Аруна Жангельдина

78 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.

Бөлісу:
Дзюдодан әлем чемпионаты отандық телеарналардан көрсетіледі · Egemen Qazaqstan