Қостанайда көпірлер мен жол өткелдеріне жарықдиодты шамдар орнатылды
<p style="text-align: justify;">Мамандар түнгі уақытта қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін Қостанай өңіріндегі республикалық трассалардың бойындағы жол өткелдері мен көпірлерге заманауи жарықдиодты шамдарды орнатып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Аталған шара бірнеше кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы жарықдиодты шамдарды Қостанай қаласының айналма жолында және тәулігіне 15 мың көлік жүретін «Қостанай-Рудный» күре жолында орнатады. Алғашқыда алты жол өткел жарықтандырылады.
Жарықдиодты шамдар Р-38 Қостанай қаласының айналма жолының 3 шақырымында орнатылды (Мичурин көлік айрығы).
